25 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасы "ДАМУ АГРО" АӨК" ӨК KZ2D00007002 (PKDAb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
11.06.25 14:25
/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
25 маусымынан бастап "ДАМУ АГРО" АӨК" ӨК (Шымкент) KZ2D00007002
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, PKDAb1)
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын
хабарлайды.
Тоқтата тұру 2025 жылдың 25 маусымында аталған облигациялар
шығарылымының аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралатын,
аталған облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге
байланысты.
[2025-06-11]