"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00003226 (KZAGb3) облигацияларын өтеді
12.06.25 10:49
KASE, 12.06.25/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE
тикері – BTRK) 2025 жылдың 10 маусымында KZ2C00003226 (KZAGb3)
облигацияларын өтеп, облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық
сыйақыны төледі.
Төлем сомасы 77 311 139 360 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш –
74 337 634 000 теңге, 20-шы купондық сыйақы – 2 973 505 360 теңге.
[2025-06-12]