/KASE, 12.06.25/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2025 жылдың
29 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының
шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- банктің 2024 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
- банктің 2024 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі
бекітілсін;
- банктің 13 020 372 мың теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбей
қалдырылсын, банктің жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер
есептелмесін және төленбесін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі тоғыз мәселе
бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_results_290525_16873.pdf
[2025-06-12]