/KASE, 13.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың мамыр
айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылдың мамыр
тайында 28,7 трлн теңгені құрады және сәуірге қатысты 12,2 %-ға
немесе 4,0 трлн теңгеге төмендеді.
- мамыр айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,1 %-ға
төмендеп, 5 561,46 тармақты құрады.
- мамыр айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 0,2 %-ға 31,0 трлн теңгеге дейін төмендеді,
саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 1,3 %-ға 13,6 трлн теңгеге
дейін төмендеді.
- мамыр айында екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары
листинг процедурасынан өтті.
- 2025 жылдың 01 маусымындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 264 эмитенттің 791 атаудағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және
туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен
іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE пресс-релизінде
ұсынылған.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/uploads/12_06_2025_Itogi_may_kaz_90d648f0eb.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/uploads/12_06_2025_Itogi_may_ru_5e548bcbdf.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/uploads/12_06_2025_Itogi_may_eng_864d29ef8f.pdf
[2025-06-13]