16 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ), Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) және ORACLE CORPORATION US68389X1054 (ORCL_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

13.06.25 15:02
/KASE, 13.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: 1) есеп айырысу күні 2025 жылдың 21 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Microsoft Corporation US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акциялары, сауда-саттық 2025 жылдың 25 тамызынан бастап қайта басталады; 2) есеп айырысу күні 2025 жылдың 21 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) Caterpillar, сауда-саттық 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап қайта басталады; 3) есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін ORACLE CORPORATION US68389X1054 ("KASE Global" секторы, ORCL_KZ), сауда-саттық 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2025-06-13]