/KASE, 13.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
16 маусымынан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014244
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb9;
$100, $3,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 12,00%, 30/360)
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFAFb9
[2025-06-13]