/KASE, 16.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
16 маусымынан бастап KASE-де "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ
(Астана) келесі облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
- KZ2C00013902 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb22;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 12.06.25 – 12.06.30; жылдық купон, жылдық
17,50 %; 30/360);
- KZ2C00013928 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb23;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 12.06.25 – 12.06.30; жылдық купон, жылдық
17,50 %; 30/360).
KASE сауда-аттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/BTRK
[2025-06-16]