18 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab.
US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
17.06.25 14:53
/KASE, 17.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
18 маусымынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 шiлдесiне
және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің
қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары
бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ)
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының
12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 15 шiлдесiнде көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 шiлдесiнен
бастап қайта басталады.
[2025-06-17]