/KASE, 17.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
17 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясының (орналастыру және
қосымша орналастыру бойынша) төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.
уақыты) өткенін хабарлайды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні: 17.06.25
Өтеуге дейін мерзімі: 234 күн
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 60 000,0
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру нарықтық сұранысқа қарай
дәрежесі,%: 0-ден 100-ге дейін
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:00
Кесімдеу күні және уақыты: 17.06.25, 15:00
Төлеу күні: 19.06.25
Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің
қанағатандыру тәсілі: көлеміне пропорционалды
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе
сатушы үшін ұтымдырақ болатын
қарсылама шектелімді
өтінімдердің бағасы бойынша
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: орташа сараланған баға
бойынша
---------------------------------------------------------------------------
Астана қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент мамандандырылған
сауда-саттық шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген
облигацияларды 55 000,0 млн теңге сомасына орналастыруды жоспарлады.
KASE сауда-клирингілік жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталған
кезде белсенді өтінімдердің болмауына байланысты қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
-------------------------------------------------- ------------------------
Қатысушылар саны: 8
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді), 39 / 34
оның ішінде:
– шектелімді: 29 / 27
– нарықтық: 10 / 7
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге, 45 187,1
оның ішінде:
– шектелімді: 38 413,1
– нарықтық: 6 774,0
Сұранымға өтінім: 83,4 %
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,номиналдан % (барлығы / белсенді):
– минималды 90,1190
– максималды 91,0263
– орташа сараланған 90,2921 / 90,2864
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):
– минималды 15,5100
– максималды 17,2500
– орташа сараланған 16,9172 / 16,9264
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары
растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 40,0 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,4 %, өзге заңды
тұлғалардың үлесіне – 54,6 % тиесілі болды.
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:
-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 129 688 785
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 11 749 998 257,7
Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 13
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 4
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 21,6
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 25,9
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:
– минималды 90,5183
– максималды 91,0263
– орташа сараланған 90,6015
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,жылдық %:
– минималды 15,5100
– максималды 16,4800
– орташа сараланған 16,3202
-------------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы
көлемнің 4,3 % – банктер, 20,6 % – басқа институционалдық инвесторлар,
75,1 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды.
Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕККАМ KZK100000373
(MKM012_0160) толық көлемі номиналды құны 242 036 085 100 теңге
сомасына 2 420 360 851 облигацияны құрады.
Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге
асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша
міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде
көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа
жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде
таза бағамен белгіленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу
ережелері
http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf сілтемесі бойынша жарияланған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
орналастыру ережелері
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке
https://kase.kz/ru/investors/gsecs/MKM012_0160 сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2025-06-17]