18 маусымнан бастап Qanat Invest Limited жеке компанияcs KASE-де бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысуға жіберілді

18.06.25 10:13
/KASE, 18.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 18 маусымынан бастап Qanat Invest Limited жеке компаниясы (Астана) KASE-де бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысуға және KASE-де репо операцияларын жүзеге асыруға жіберілді. Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2025 жылдың 07 наурызындағы "05 наурыздан бастап Qanat Invest Limited жеке компаниясы "қор" және "туынды құралдар" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын– https://kase.kz/kz/information/news/show/1538676 [2025-06-18]