/KASE, 18.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
19 маусымынан бастап "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
(Алматы) KZ2C00013670 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты,
JSBNb6; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 20.05.25-20.05.30; жартыжылдық
купон, жылдық 16,50%; 30/360) әлеуметтік облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/JSBNb6
[2025-06-18]