20 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 маусымда болатын, өтеуге дейін мерзімі 2,4 жыл МЕОКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді

19.06.25 11:44
/KASE, 19.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 маусымда KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізілетінін хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------- KASE сауда-саттық коды: MOM060_0054 Бағалы қағаздардың түрі: МЕОКАМ ISIN: KZK200000737 Номиналды құны, теңге: 1 000 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 225 407 125 Айналысқа жіберу күні: 18.11.22 Айналыста болудың соңғы күні: 17.11.27 Өтеу күні: 18.11.27 Айналыста болу мерзімі, жыл (күн): 5 жыл (1 800 күн) Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 15,35 Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 18 мамыр және 18 қараша Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------------------------------- Сауда-саттық күні: 20.06.25 Өтелуіне дейінгі мерзім, жыл (күн): 2,4 жыл (868 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 60 000 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру нарықтық нарықтағы сұранысқа байланысты сұранысқа байланысты дәрежесі, %:* 0-ден 100-ге дейін Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00-12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00-12:00 Кесім күні және уақыты: 20.06.25, 15:00 Төлеу күні: 24.06.25 Қарсылама шектелімді өтінімдерді қарсылама өтінімдердің көлеміне қанағатандыру тәсілі: пропорционалды түрде Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: орташа сараланған баға бойынша ------------------------------------------------------------------------- * Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады. Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні сілтемесі бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу қағидалары сілтемесі бойынша жарияланған http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида сілтемесі бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат сілтемесі бойынша жарияланған https://kase.kz/kz/investors/gsecs/MOM060_0054 [2025-06-19]