20 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US912797QK68 (US167_2508) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

19.06.25 15:02
/KASE, 19.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 маусымынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797QK68 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US167_2508; $ 60 192,0 млн; 22.04.25-19.08.25; actual/360) дисконттық халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/gsecs/US167_2508 [2025-06-19]