Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 маусымда болатын, өтеуге дейін мерзімі 5,8 жыл МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

20.06.25 15:25
/KASE, 20.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерін (МУИКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды (Астана қ.уақыты). ------------------------------------------------------------------------------- KASE сауда-саттық коды: MUX072_0003 Бағалы қағаздардың түрі: МУИКАМ ISIN: KZKB00000040 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялар көлемі, дана.: 60 000 000 Өтініштің басталу күні: 31.03.25 Өтініштің соңғы күні: 30.03.31 Өтеу күні: 31.03.31 Өтініш беру мерзімі: 6,0 жыл (2 160 күн) Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 2,50 + TONIA күрделі пайыздық мөлшерлемесі Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: жыл сайын 31 наурызда Уақыттық база: 30 / 360 ------------------------------------------------ ------------------------------ Сауда-саттық күні: 20.06.25 Өтеуге дейін мерзімі: 5,8 жыл (2 081 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000,0 Сауда-саттық заты: "таза" баға Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00 Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00 Кесім уақыты: 17:00-ге дейін (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 24.06.25 Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын қарсылама шектелімді өтінімдердің бағасы бойынша ------------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат https://kase.kz/kz/investors/gsecs/MUX072_0003 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-06-20]