KASE Басқарма Төрағасының орынбасары болып А.К. Ысқақова сайланды
20.06.25 18:46
/KASE, 20.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесінің
шешімімен 2025 жылдың 23 маусымынан бастап KASE Басқарма
Төрағасының орынбасары болып Айнагүл Қуаншбайқызы Ысқақова
(өкілеттік мерзімі 2026 жылдың 01 шілдесіне дейін) сайланды.
Айнагүл Ысқақова Қазақстан Республикасының қаржы секторында 18 жыл
жұмыс өтілі бар, 2018 жылдан 2022 жылға дейін KASE-де Стратегия және
халықаралық ынтымақтастық бөлімшесін басқарды. Жақында "Бағалы
қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Басқарушы директоры, Басқарма
мүшесі болды, онда оның басшылығымен Agile әдіснамасы бойынша өнімді
әзірлеу практикасы енгізілді. Қаржылық талдау, стратегиялық жоспарлау,
жобалық басқару және халықаралық қатынастар саласында тәжірибесі бар.
KASE Директорлар кеңесі 2025 жылдың 20 маусымынан бастап Ермек
Булатұлы Мәжікеновтің KASE Басқарма Төрағасының орынбасары ретіндегі
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Осы шешімдерді ескере отырып KASE Басқармасы бес адамнан тұрады:
Мұхамеджанов А.Н., Басқарма Төрағасы;
Аманжолова Д.М., Басқарма Төрағасының орынбасары;
Гришко М.В., Басқарма Төрағасының орынбасары;
Ысқақова А.К., Басқарма Төрағасының орынбасары;
Саржақов Ж.Н., Басқарма Төрағасының орынбасары.
[2025-06-20]