"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011802 (MFAFb8) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
23.06.25 09:54
/KASE, 23.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
23 маусымынан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы)
KZ2P00011802 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар"
санаты, MFAFb8; $100, 3 3,0 млн; 22.08.24 – 22.06.25; 30/360) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінде алынып тасталғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 14 тамызынан бастап баламалы
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 22 тамызынан
бастап ашылған.
[2025-06-23]