24 маусымнан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00013402 (MFSLb10) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

23.06.25 14:44
/KASE, 23.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 маусымынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00013402 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb10; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 19.06.25 – 19.06.26; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2025-06-23]