/KASE, 24.06.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы
органдардың келесі облигацияларын орналастыру бойынша аранйы
мамандандырылған сауда-саттық өтеді:
- Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00002129 (("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK024_212;
1 000 теңге, 2 900 555 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жарты жылдық
купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1 450 277 данасы;
- Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_211; 1 000 теңге,
11 335 671 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жарты жылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) 2 200 000 данасы;
- Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002152
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK024_215; 1 000 теңге,
30 026 120 000 теңге; 14.05.25 – 14.05.27; жарты жылдық купон, жылдық
0,35 %; 30/360) 2 382 108 дана.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау
уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланған
https://kase.kz/ru/members/membership/all
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида
мына сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/kz/markets/government-securities
[2025-06-24]