26 маусымнан бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013824 (MFUCb8) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
25.06.25 15:45
/KASE, 25.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
26 маусымынан бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013824
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFUCb8; 1 000 теңге,
3,0 млрд теңге; 18.06.25 – 18.06.28; тоқсандық купон, жылдық 20,00%;
30/360) облигациялары ""таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-06-25]