"Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00013139 (MFBLb5) облигацияларына жазылым жүзеге аспады деп жарияланды

25.06.25 16:37
/KASE, 25.06.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00013139 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb5; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге, 19.06.25 – 19.06.28; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360 облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 25 маусымында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 300,0 млн теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. KASE бірде-бір шектелімді қарсылама өтінімді қабылдамағаны себебінен жазылым жүзеге аспады деп танылды және жарияланды. [2025-06-25]