26 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00001095 (MUM096_0011) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

26.06.25 15:35
/KASE, 26.06.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың 30 маусымда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001095 (MUM096_0011) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 67 814 143 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 84,4099 % (кірістілік – жылдық 16,90 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 84,4436 % құрады (кірістілік – жылдық 16,88 %) Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 маусымда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 3,3 жыл МЕУКАМ KZKD00001095 (MUM096_0011) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1545853 [2025-06-26]