27 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында US57636Q1040
(MA_KZ) MasterCard, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады.
26.06.25 16:22
/KASE, 26.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27
маусымынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 09 шілдесiне және
одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша MasterCard, Inc. (АҚШ)
US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-
де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының
12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 09 шілдесiнде көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың
11 шілдесiнен бастап қайта басталады.
[2025-06-26]