26 маусымнан бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ KZ2C00014587 (FRMPpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңындағы KASE ресми тізіміне енгізілді

26.06.25 18:50
/KASE, 26.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылғы 26 маусымда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00014587 (FRMPpp1; 1 000 теңге; 50,0 млрд теңге; 30 жыл; жылдық купон, жылдық 0,15%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 26 маусымынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/FRMPpp1 [2025-06-26]