27 маусымнан бастап "ТССП Групп" АҚ-тың KZ2P00014301 (TSSPb6) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосылды

27.06.25 10:53
/KASE, 27.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылғы 24 маусымда "ТССП Групп" АҚ-тың (Астана) KZ2P00014301 (TSSPb6; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген бірінші сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылғы 27 маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/TSSPb6 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-06-27]