01 ШІЛДЕДЕН БАСТАП KZGB_CPm1m ЖӘНЕ KZGB_DPm1m ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМ 60 АТАУДАҒЫ МБҚ-ДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

27.06.25 11:58
/KASE, 27.06.25/ – 2025 жылдың 01 шілдесінен бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеу үшін өкілдік тізім Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) 60 атауынан тұратын болады (тізімнен шығарылды – MUM132_0006, KZKD00000873; тізімге енгізілді – MUM096_0015, KZKD00001301). Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді есептейді және жариялайды: 1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының баға индексі; 2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып); 3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен; 4) индекстің дюрациясы, жылдармен; 5) индекстің түрлендірілген дюрациясы. 2025 жылдың шілдесіне көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 2025 жылдың 26 маусымындағы кешке МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын). Өкілдік тізім 2025 жылдың 01 шілдесінде мына бетте жарияланады https://kase.kz/ru/stock_market/ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі). [2025-06-27]