/KASE, 27.06.25/ – Freedom Holding Corp. (KASE тикері – FRHC_KZ) былай
деп хабарлады:
дәйексөздің басы
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі "Фридом Финанс" АҚ-тың, Freedom
Finance Global PLC компаниясының, Freedom Finance Europe Ltd және
"Фридом Банк Қазақстан" АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамдарды
"тұрақты" болжамынан "оң" болжамына қайта қарап, тәуекелді басқару және
комплаенс жүйесін күшейту аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
рейтингтерді "B+/B" деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша "Фридом
Финанс" АҚ-тың және "Фридом Банк Қазақстан" АҚ-тың рейтингтері
"kzBBB-"-тен бастап "kzBBB+"-ке дейін көтерілді. Freedom Holding Corp.
компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.
Рейтингтер бойынша «оң» болжам тәуекел мен комплаенстың жалпы
жүйесін құрудағы, сондай-ақ осы функцияларды еншілес қаржы
компаниялары деңгейінде нығайтудағы айтарлықтай ілгерілеуді көрсетеді..
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/FRHC_KZ/frhc_kz_rating_260625.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/FRHC_KZ/frhc_kz_rating_260625_2025.pdf
[2025-06-27]