/KASE, 27.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
30 маусымынан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана)
KZ2P00014004 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb19;
1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 26.06.25-26.06.28; ай сайынғы купон, жылдық
21,00%; 30/360) " облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb19
[2025-06-27]