"Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003309 (CSBNb18) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
30.06.25 09:23
/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
30 маусымынан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00003309 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CSBNb18; 100 теңге, 60,0 млрд теңге,
29.06.15 – 29.06.25; жартыжылдық купон, жылдық 10,70%; 30/360)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Көрсетілген облигациялар 2015 жылдың 29 маусымынан бастап "өзге
борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді,
2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының
"облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың
03 шілдесінен бастап ашылды.
[2025-06-30]