"Матен Петролеум" АҚ акционерлері қоғамның 2024 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

30.06.25 10:47
/KASE, 30.06.25/ – "Матен Петролеум" АҚ (KASE тикері – MATN) 2025 жылдың 25 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - қоғамның 2024 жылдағы 12 116 812 000 теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MATN/matn_special_shareholders_meeting_results_250625_601.pdf [2025-06-30]