01 шілдеден бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014244 (MFAFb9) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

30.06.25 14:54
/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 шілдесінен бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00014244 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb9; $100, $ 3,0 млн; 25.06.25 – 25.06.26; тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2025-06-30]