01 шілдеден бастап "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00013840 (MFDFb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
30.06.25 14:57
/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
01 шілдесінен бастап "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы)
KZ2P00013840 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDFb3;
1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 26.06.25 – 26.06.27; ай сайынғы купон, жылдық
21,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатыны туралы хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-06-30]