01 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы жай
акциялардың саудасы тоқтатылады
30.06.25 15:06
/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
16 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2025 жылдың 07 шілдесіне және одан кейінгі
күндерге сәйкес келетін Micron Technology, Inc. US5951121038 ("KASE
Global" секторы, MU_KZ) жай акциялары, сауда-саттық 2025 жылдың
09 шілдесінен бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 шілдесіне және одан кейінгі
күндерге сәйкес келетін US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ)
AT&T Inc., сауда-саттық 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап қайта
басталады;
3) есеп айырысу күні 2025 жылдың 25 шілдесіне және одан кейінгі
күндерге сәйкес келетін Pfizer Inc. US7170811035 ("KASE Global"
секторы, PFE_KZ), сауда-саттық 2025 жылдың 28 шілдесінен бастап
қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-06-30]