/KASE, 01.07.25 / – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 19 маусымында шет мемлекеттің
заңнамасына сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде шығаруға
жоспарланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің халықаралық
облигацияларын KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторына енгізу туралы шешім қабылдады:
- XS3093655341, US486661BN03 (KZ_24_3207; $1 350,0 млн; 01.07.25 –
01.07.32, жарты жылдық купон, жылдық 5,00 %, 30/360);
- XS3093658014, US486661BP50 (KZ_25_3707; $1 150,0 млн; 01.07.25 –
01.07.37, жарты жылдық купон, жылдық 5,50 %, 30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Аталған облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "Teniz Capital
Investment Banking" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFRK
[2025-07-01]