/KASE, 01.07.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жылғы 27 маусымда халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global
Ratings ҚМГ-ның несиелік рейтингін "BB+" деңгейінен "BBB-" деңгейіне дейін
арттырғанын хабарлайды. Бұл шешім компанияның дербес несие
қабілеттілігі мен тұрақты ақша ағынының жақсаруы нәтижесінде
қабылданып, болжам "тұрақты" деп белгіленді.
ҚМГ-ның дербес несие қабілеттілігі «bb» деңгейінен "bb+" деңгейіне дейін
көтерілді. Бұл қарыз көлемінің едәуір қысқаруы, дивидендтерді бөлуге
теңгерімді көзқарас және инвестициялардың қайтарымдылығы арқасында
компанияның бизнес-моделінің орнықтылығын растайды. "Тұрақты" болжам
– компанияның алдағы күрделі шығындарды тиімді басқаруына, бекітілген
қаржылық саясатқа сәйкес әрекет етуіне және мұнай бағасының құбылуы
мен басқа да сыртқы күйзелістерге төтеп бере алуына деген сенімді
көрсетеді.
Нәтижесінде, ҚМГ-ның несиелік рейтингі Қазақстан Республикасының
егемендік рейтингінің деңгейіне дейін көтерілді.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_rating_270625_kz.pdf
Орыс тіліндегі толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_rating_270625_5493.pdf
Ағылшын тіліндегі толық ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_rating_270625_en.pdf
[2025-07-01]