/KASE, 01.07.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
03 шілдесінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00000717 (MUM180_0009) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 67 190 131 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 75,9751 % (кірістілік – жылдық 16,95 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 76,1244 % құрады (кірістілік – жылдық 16,88 %)
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 шілдеде болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі 3,4 жыл МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/information/news/show/1546237
[2025-07-01]