Қазақстанның Қаржы министрлігі жылдық 5,00% мөлшерлемемен XS3093655341, US486661BN03 (KZ_24_3207) жетіжылдық халықаралық облигацияларын орналастыру арқылы KASE-де жазылым арқылы $171,5 млн тартты
01.07.25 19:48
/KASE, 01.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 24 маусымда
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылу арқылы
Қазақстанның Қаржы министрлігінің XS3093655341, US486661BN03
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_24_3207; $1 350,0 млн;
01.07.25 – 01.07.32, жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық бағалы қағаздарын
бастапқы орналастыру өтті. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-де
жазылу нәтижесі көрсетілген.
KASE-де аталған облигацияларға жазылуда бірлескен букреннер "Teniz
Capital Investment Banking" АҚ болды.
---------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------------- ---------
Қатысушы саны: 9
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді), 28 / 18
оның ішінде:
– шектелімді: 20 / 12
– нарықтық: 8 / 6
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары: 282,0
оның ішінде:
– шектелімді: 221,2
– нарықтық: 60,8
---------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған
қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 95,7% банктердің үлесіне, 0,3 %
брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 0,2% өзге институттық
инвесторлардың, 3,8% басқа заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 171 500 000
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 171 500 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің 1 шілдедегі бағамы бойынша теңгедегі баламасы: 89 118 260 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 11
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 8
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,
жылдық % 5,0000
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде
облигациялардың жалпы көлемінің 93,3%-ын банктер, 0,1%-ын брокерлік-
дилерлік ұйымдар, 0,3%-ын өзге институционалдық инвесторлар, 6,3%-ын
басқа заңды тұлғалар сатып алған.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың (Алматы) дерегіне
сәйкес осы ақпаратты орналастырған сәтте көрсетілген облигацияларға
жазылу нәтижесі бойынша мәмілелер есептелген, жазылу аяқталды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
---------------------------------- ----------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 24.06.25
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектеулі және нарықтық
Өтінім қабылдау уақыты: 14:00–21:45
Мәміле жасалған күн: 01.07.25
Есеп айырысу жүзеге асырылған күн: 01.07.25
---------------------------------------------------------
[2025-07-01]