02 шілдеден бастап Jet Group Ltd. Жеке компаниясының KZ2P00014418 (JETGpp1) облигациялары KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына қосылды

02.07.25 16:14
/KASE, 02.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 01 шілдеде Jet Group Ltd. Жеке компаниясының (Астана) KZ2P00014418 (JETGpp1; 100$; 10,0$ млн; 3,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына қосу туралы шешім қабылдады. Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 02 шілдеден бастап күшіне енді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/JETGpp1 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-02]