/KASE, 03.07.25/ – Freedom Holding Corp. қазақстандық қор биржасына
(KASE) Қазақстанның қызмет көрсету саласының 2025 жылғы маусым
бойынша іскерлік белсенділік индексіне (PMI) жасаған шолуын ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес
компаниясы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан
Әбдікәрімовтің түсініктемесі келтірілген.
"Маусым айында қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік зерттеу
барысындағы ең жоғары мәнге жетті. Жаңа келісімшарттар мен маркетингтік
стратегиялар жұмыспен қамтуды қолдай отырып, нарықты жандандырды.
Өсіп келе жатқан операциялық шығын ішінара сату бағасына да өз ықпалын
тигізді. Сонымен қатар біз нарықтың ықтимал түзетілуінің белгілерін көріп
отырмыз: іскерлік белсенділіктің өсу қарқыны соңғы екі жылда неғұрлым
қарқынды өсім тіркелген мамырмен салыстырғанда күрт бәсеңдеді, ал
алдағы жылға болжал 12 айлық ең төменгі деңгейге жетті. Іскерлік
белсенділік шыңына жеткен сәтте мұндай серпін 2025 жылдың екінші
жартысына қатысты бәсекелестіктің күшеюі, сыртқы сауда тәуекелдері
(рубль факторын қоса алғанда) және салық саясатындағы өзгерістер
фонындағы белгісіздіктің жалпы өсуінен туындаған бизнестің жоғары
сақтығын көрсетуі мүмкін. Дегенмен, бизнестің үміті оптимизм аймағында
қалып отырғанын атап өткен жөн".
Қазақ тіліндегі шолу мына сілтеме бойынша жарияланған –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2506_PR_cd16daa5c9.pdf
Орыс тіліндегі шолу мына сілтеме бойынша жарияланған –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2506_PR_a0a67e1b35.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу мына сілтеме бойынша жарияланған –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2506_PR_f11646a8d8.pdf
[2025-07-03]