/KASE, 03.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 4 шілдеден
бастап KASE-де "Береке" МҚҰ" АҚ келесі облигацияларының саудасы
ашылатыны туралы хабарлайды:
- KZ2C00014223 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFBRb2;
1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,50 %;
30/360);
- KZ2C00014231 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFBRb3;
1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,50 %;
30/360);
Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын
белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның "таза
емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – Қазақстан теңгесі.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFBR сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-03]