03 шілдеден бастап KASE-де "АстанаГаз КМГ" АҚ-тың KZ2C00005841 (AKMGb2) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

03.07.25 16:26
/KASE, 03.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 03 шілдеден бастап KASE-де "АстанаГаз КМГ" АҚ-тың (Астана) KZ2C00005841 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар” санаты, AKMGb2) облигацияларымен сауда- саттық уақытша тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE-нің «Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары» атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес купондық сыйақыны төлеу үшін 2025 жылғы 03 шілдеде тізілімді тіркеуге және көрсетілген облигацияларды шығару проспектісінің талаптарына сәйкес негізгі борышты ішінара төлеуге байланысты тоқтатыла тұрды. [2025-07-03]