/KASE, 03.07.25/ – "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KZCR) 2025 жылғы 31 шілдеде акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын
өткізетінін хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғамның 2024 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
2) қоғамның 2024 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту;
3) 2024 жылғы дивиденд, қоғамның бір жай акциясына шаққандағы
дивиденд мөлшері туралы;
4) қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне
акционерлердің өтініштері туралы мәселені қарау және оларды қарау
нәтижесі туралы.
Жиналыс туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:
https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_info_310725_163.pdf
[2025-07-03]