03 шілдеден бастап "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың XS3108524227 (BRKZe20) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосылды

03.07.25 17:56
/KASE, 03.07.25/ – 2025 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың XS3108524227 (BRKZe20; 55,0 млрд теңге; 03.07.25 – 03.07.28, жартыжылдық купон, жылдық 17,30%; 30/360) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешімі күшіне енеді. Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады. "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың қаржылық кеңесшісі – "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/BRKZe20 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-03]