"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KASE- де жазылу арқылы 26 маусымда XS3108524227 (BRKZe20) үшжылдық халықаралық облигацияларын 17,30 % өтеуге кірістілікпен орналастырып, жазылу арқылы 17,4 млрд теңге тартты
03.07.25 19:12
/KASE, 03.07.25/ - Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 26 маусымда
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде жазылу арқылы
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-тың (Астана қ.) XS3108524227 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe20) облигацияларын бастапқы
орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-де жазылу
нәтижесі көрсетілген.
Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ аталған
облигацияларға жазылу кезінде KASE-де бірлескен букреннер болды.
-------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------- -----------------
Қатысушы саны: 2
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді): 3 / 2
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге: 21 000,0
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы/белсенді):
– минималды 17,0000
– максималды 17,3000
– орташа сараланған 17,2857
-------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған
қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 4,8% банктердің үлесіне, 95,2% басқа
заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:
------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 17 413 000 000
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 17 408 634 154,5
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 2
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 2
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, 17,3000
жылдық %
------------------------------------------------------------------------
Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде
облигациялардың жалпы көлемінің 5,7 %-ын банк, 94,3 %-ын басқа заңды
тұлғалар сатып алған.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың (Алматы) дерегіне
сәйкес осы ақпаратты орналастырған сәтте KASE-де көрсетілген
облигацияларға жазылу нәтижесі бойынша мәмілелер бойынша есеп
айырысу жүргізілген, жазылу аяқталды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------- -----------
Жазылу жүргізілетін күн: 26.06.25
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді
Өтінім қабылдау уақыты: 14:00–19:15
Мәміле жасалған күн: 03.07.25
Есеп айырысу жүргізілген күн: 03.07.25
---------------------------------------------
[2025-07-03]