04 шілдеден бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014701 (EABRb54) облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

04.07.25 10:12
/KASE, 04.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылғы 04 шілдеден бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014701 (EABRb54; 1 юань, 1,0 млрд юань; 5 жыл; құбылмалы тоқсандық купон – үш айлық Shibor маржа мөлшерлемесі + 179 б.п.; actual/365) облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/EABRb54 сілтемесі бойынша жарияланған. [2025-07-04]