/KASE, 04.07.25/ – "Арнұр Кредит" МҚҰ" ЖШС (KASE тикері – MFAC)
төмендегіні хабарлады:
цитатаның басы
2025 жылғы 4 шілде
Қазақстан бойынша шағын бизнес пен кәсіпкер әйелдердің қаржыландыруға
қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту үшін "Арнұр Кредит" IFC-мен 10 миллион
АҚШ долларына тең сомада ұлттық валютамен қарыз беру туралы келісімге
қол қойды. Бұл ретте қаржыландырудың 40% әйелдер басқаратын бизнесті
қолдауға бағытталады. Бұл бастама IFC-дің инклюзивті экономикалық өсуге
жәрдемдесу, шағын бизнесті қолдау және жұмыс орындарын құру жөніндегі
ауқымды стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Бұл транш – 15 миллион долларлық үлкен пакеттің бірінші бөлігі. Оған IFC
қаражаты есебінен берілетін 5 миллион доллар баламасындағы қарыз және
осындай сомада Invest in Visions әлеуметтік ықпалымен институционалдық
инвесторлардан жиналған қарыз кіреді.
Цитатаның соңы
Баспасөз релизінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/emitters/MFAC/mfac_relizs_040725_1.pdf
[2025-07-04]