08 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында 2025 жылғы тамызда және 2026 жылғы маусымда орындалатын фьючерстермен сауда-саттық ашылады

08.07.25 10:34
/KASE, 08.07.25/ – 08 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында төмендегі жеткізілімсіз фьючерстермен сауда-саттық ашылады: 1) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акциялары, коды – HSBK-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым; 2) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акциялары, коды – KZAP-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым; 3) KASE индексіне, коды – KX-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым; 4) АҚШ долларының теңгеге бағамы, коды – US-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым; 5) Ресей рублінің теңгеге бағамы, коды – RU-8.25, айналыста болатын соңғы күн – 2025 жылғы 21 тамыз; 6) Ресей рублінің теңгеге бағамы, коды – RU-6.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 18 маусым. KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Астана қаласы уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін жүргізілетінін еске салады. Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа тізімі KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/ru/clearing/members/ сілтемесі бойынша жарияланған KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады. KASE-дегі фьючерстермен сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады: http://kase.kz/ru/futures/ KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар http://kase.kz/ru/kase_rules/ сілтемесі бойынша жарияланды ("Сауда-саттық" – "Деривативтер" қойындысы). [2025-07-08]