KASE өзінің интернет-ресурсында 2025 жылғы маусымда Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексіне жасалған шолуды жариялады

08.07.25 12:38
/KASE, 08.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің интернет-ресурсында 2025 жылғы маусымда Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексіне (ІБИ) жасалған шолуды жариялады, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпорындарға ай сайын жүргізетін сауалнама нәтижесі бойынша дайындады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне қатысты сұрақтарға берілген жауаптар жиынтығын және олардың болашақтағы өзгерістеріне қатысты болжамдарын қамтиды. ІБИ нақты сектордағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын көрсеткішті білдіреді, экономикалық үрдістердің, іскерлік циклдің сыни және бұрылыс нүктелерінің серпінін зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпаратына сәйкес: "2025 жылғы маусымда іскерлік белсенділік бәсеңдеді, бірақ индикатор Оң дәрежеде қалды. Өндіріс, қызмет көрсету және сауда салаларында белсенділіктің жалғасуы байқалды, онда көрсеткіштер оң бағытта сақталып, тиісінше 51,7, 51,2 және 51,4 құрады (мамырда – 53,5, 51,1 және 52,4). Құрылыс және тау-кен өндіру саласында іскерлік белсенділік төмендеу тенденциясы аймағында қалды. Құрылыста индекс 44,7 (мамырда 49,6) болды. Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу аз байқалды – мамырдағы 48,9-дан маусымдағы 48,1-ге дейін". Қазақ тіліндегі материал мына сілтеме бойынша жарияланған – https://kase.kz/kz/indexes-and-indicators/pmi Орыс тіліндегі материал мына сілтеме бойынша жарияланған – https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/pmi Ағылшын тіліндегі материал мына сілтеме бойынша жарияланған – https://kase.kz/en/indexes-and-indicators/pmi [2025-07-08]