/KASE, 08.07.25/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің есеп айырысу 2025 жылғы 10 шілдеде болатын (МЕУКАМ)
KZKD00000790 (MUM180_0011) ұзақмерзімді мемлекеттік қазынашылық
облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама
сауда-саттық өтті.
KASE-ден алынған хабарламаға сәйкес эмитент номиналының 73,9865 %
мөлшерінде қалыптасқан таза бағасы бойынша (кірістілік – жылдық 16,99%)
номиналды құнымен жалпы сомасы 36 075 875 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдерде орташа есептелген таға
бағасы номиналдың 74,0359% (кірістілік – жылдық 16,97%).
Астана уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде төмендегі көрсетілген талаптармен аталған облигацияларды
қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижесі туралы толық жаңалық
кешірек жарияланады.
KASE-нің "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысу 10 шілдеде
болатын, өтеуге дейінгі мерзімі 4,1 жыл (МЕУКАМ) KZKD00000790
(MUM180_0011) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама
сауда-саттық өтіп жатыр" деген жаңалығы мына сілтеме бойынша
жарияланған:
https://kase.kz/ru/information/news/show/1546575
[2025-07-08]