KASE "Биржа симуляторы" оқу конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімін өткізді
08.07.25 17:42
/KASE, 08.07.25/ – 2025 жылғы 8 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE)
2025 жылғы 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында өткен "Биржа симуляторы" оқу
конкурсының қатысушыларын онлайн марапаттау рәсімі өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша 246 белсенді қатысушының арасынан келесі
жеңімпаздар анықталды:
1) Алистратенко Денис Николаевич;
2) Акулинин Кирилл Сергеевич;
3) Радченко Дмитрий Александрович;
4) Шоклева Людмила Александровна;
5) Садыков Тимур Наурызбаевич;
6) Оспанов Сабыр Талапбекович;
7) Роев Илья Дмитриевич;
8) Аманшин Асхат Ельтаевич;
9) Круч Арина Сергеевна;
10) Фаткулин Руслан Камилевич.
2025 жылы "Фридом Финанс" АҚ конкурстың серіктесі болып, мәмілелер
бойынша ең жоғары табыстылық көрсеткен алғашқы үш жеңімпаз үшін бағалы
сыйлықтар берді.
Төменде 2025 жылғы 1 сәуірден 30 мамырға дейінгі кезеңде құралдар
бойынша жасалған барлық мәміле туралы ақпарат берілген:
------------------------
Сауда Саны Көлемі,
коды Мәміле млн KZT
------- ------ ---------
HSBK 5 768 216 258,3
KZTK 2 761 195 683,0
CCBN 3 309 117 614,6
KZAP 1 622 93 958,9
KSPI 1 701 60 255,0
KMGZ 1 556 31 084,3
FHJIds 768 26 168,3
KZTO 766 24 390,8
KCEL 1 022 20 592,5
ASBN 1 169 17 681,1
BAST 1 081 14 231,4
AIRA 779 3 995,5
KEGC 346 1 395,9
IE_FXBF 177 402,0
KMGD 261 328,7
------- ------ ---------
Барлығы 23 086 824 040,4
------------------------
Оқыту сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша мәмілелердің жалпы
көлемі 824,0 млрд теңгеге жетіп, 23 086 мәміле жасалды. Бір қатысушыға
шаққандағы мәмілелердің максималды көлемі 199 253 миллион теңге, бір
қатысушыға шаққандағы мәмілелердің максималды саны 2 412 болды.
Конкурсқа қатысу үшін 7 714 адам тіркелді.
Анықтама үшін:
Жобаның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қор
нарығында жұмыс істеу дағдыларын іс жүзінде үйрену. Қатысушылардың
негізгі міндеті – үздік портфель қалыптастыру, соған қарап конкурс
жеңімпаздары анықталды.
Бұл конкурсты KASE компаниялар тобы 2008 жылдан бері өткізіп келеді, ал
жоба биыл 17-ші рет өткізілді. Жұртшылықтың конкурсқа деген
қызығушылығы артып келеді, жобаның бүкіл тарихында оған 7,5 мыңнан
астам адам қатысты.
[2025-07-08]