KASE өзінің интернет-ресурсында 2025 жылдың маусым айындағы Биржа мүшелерінің белсенділік рэнкингтерін жариялады

08.07.25 18:57
/KASE, 08.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің интернет-ресурсында https://kase.kz/kz/members/activity-ranking сілтемесі бойынша KASE мүшелерінің 2025 жылдың маусымдағы биржалық нарықтың мынадай секторларында белсенділігінің рэнкингтерін жариялады: - үлестік бағалы қағаздарды сатып алу-сату; - борыштық бағалы қағаздарды сатып алу-сату; - репо операциялары; - мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу-сату; - валюталық своп операциялары. KASE мүшелерінің белсенділігінің рэнкингтері "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес жасалады, оның мәтіні https://kase.kz/files/normative_base/members_activity_kaz.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді. [2025-07-08]